№99 «Бүлдіршін» балабақшасы

Құрметті ата-аналар!

Біздің балабақшамызда балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және ата-аналарға қолдау көрсету мақсатында
консультативтік пункт өз жұмысын бастады. Бұл пункт арқылы сіз балаларыңыздың тәрбиесі, дамуы,
психологиялық қолдау, сондай-ақ педагогикалық бағыттар бойынша кәсіби кеңес ала аласыз.

Консультация барысында ұсынылатын тақырыптар:

  • Баланың жас ерекшеліктеріне сай даму ерекшеліктері
  • Тіл дамыту және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру
  • Отбасындағы тәрбиенің маңызы
  • Баланың шығармашылық әлеуетін дамыту жолдары
  • Әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру

Консультативтік пунктке жазылу үшін:

  • Педагог-психологқа, логопедке немесе тәрбиешіге хабарласыңыз
  • Уақыт пен күнді алдын ала келісіп алыңыз

Балаларыңыздың дамуына қосқан үлесіңіз бен ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Ізгі тілекпен,
Балабақша әкімшілігі

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ

🏃 ҮЙДЕГІ БАЛАНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІ

КОНСУЛЬТАТИВТІ ПУНКТЕГІ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

Біздің қоғамның маңызды міндеттерінің бірі – өміршең, дені сау өскелең ұрпақты қалыптастыру.

Баланың денсаулығын қалыптастыратын факторлардың бірі – қозғалыс белсенділігі. Бұл нәресте ояу кезінде жасайтын қозғалыстардың мөлшері ретінде анықталады. Қозғалыс белсенділігінің мазмұны әртүрлі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру болып табылады.

Бүгінгі балалардың көпшілігі күнінің көп бөлігін интернетте, компьютерлермен және смартфондармен өткізеді. Ұйқы мен демалу режимі, көру және қалып бұзылады, қозғалыс белсенділігі дерлік жоқ.

Қозғалыс – өсіп келе жатқан ағзаның биологиялық қажеттілігі. Олар дененің барлық жүйелерінің дамуына ықпал етеді, әсіресе жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, тірек-қимыл аппараты, жүйке, метаболизмді жақсартады. Бала қозғалыстардың әсерінен эмоционалды, ерікті, танымдық саланы дамытады.

Бала күні бойы қанша қозғалуы керек, оның қозғалысының қарқындылығы қандай? Мамандардың зерттеулері көрсеткендей, қозғалыс көлемі, қарқындылығы бірқатар факторларға: баланың жасына, жынысына, тәулік уақытына, жыл мезгіліне, балалардың жеке ерекшеліктеріне, бала өсетін жағдайларға байланысты. 2-3 жастағы балалар күніне шамамен 2,5-3 км, ал 6-7 жастағы балалар бұл уақытта екі-үш есе көп еңсереді.

Ең үлкен қозғалыс белсенділігі күннің бірінші жартысында сағат 9-дан 12-ге дейін, ал екінші жартысында сағат 17-ден 19-ға дейін көрінеді. Мұғалімдер мен ата-аналар мұны ескеріп, дәл осы сағаттарда қозғалыс белсенділігі үшін жағдай жасауы керек.

Баланың қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастырған кезде, тәбеті жақсы, ұйқысы, теңдестірілген мінез-құлқы, ересектермен және құрдастарымен жағымды қарым-қатынаста болады.

Дені сау балалар – біздің болашағымыз. Қазірден балалардың денсаулығының мықты іргетасын қалауға тырысайық.

📖 БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЕРТЕГІНІҢ РӨЛІ

Білім беру талаптарына сәйкес балдырғандарға мемлекеттік тілді меңгерту қазіргі заманға сай білім мен тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру-педагогтар еншісінде. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын дамыту мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ертегілердің алар орны ерекше. Қазақ ертегілері — әлеуметтік, рухани – адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі.

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен.

Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің…..болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады. Ертегі соңы «сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады. Бұл балалардың қандай жағдайдың да жақсылықпен аяқталатынына деген сенімдерін молайта түседі.

Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:

  • 1. Қиял-ғажайып ертегілер. Бұл ертегілерге батыр адамдардың басынан кешкен сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Мысалы: «Ер Төстік», «Алтын балық», «Алтын сақа» т.б.
  • 2. Хайуанаттар туралы ертегілер. Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм қиянатшыл, арам, қу мінез қылықтары әшкереленеді.
  • 3. Шыншыл ертегілер. Бұл ертегіде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнеленеді. Атқамінерлердің іс-әрекеттері әшкерленеді.
  • 4. Тұрмыс-салт ертегілер. Бұл ертегіде өмірде болып жатырған оқиғалар баяндалады. Мысалы: «Алдар көсе мен бай», «Шықбермес Шығай бай» т.б.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл болып келеді. Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі дамып қана қоймай, сонымен қатар тіл байлықтары, сөйлеу мәдениеті арта түседі.

🌟 ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІН ТИІМДІ ӨТКІЗУГЕ 10 КЕҢЕС

1. Демалыс күндері де ерте тұрыңыз!
Әрине, бұл сіздің естігіңіз келген кеңес емес екенін жақсы түсінеміз. Алайда, оның пайдасы зор және екі себебі бар: тәніңізді тұрақты күн тәртібіне үйретесіз және таң сәріде ерте тұратын адамның алдында ұзақ күн күтеді.
2. Алдағы демалысты ертерек жоспарлаңыз!
Еңбек демалысын алғанда немесе жұмыс күндерінен тыс сенбі, жексенбі күндерінде отбасыңызға демалыс уақытын ұйымдастыру үшін алдымен мынаған назар салыңыз. Әдетте, адамдар демалыс уақытын жоспарлайтын кезде көп уақытын яғни барлық демалысын жоспарлауға арнауы мүмкін. Нағыз демалысқа уақыт тапшы болмас үшін алдын ала жоспарлап алыңыз.
3. Кез-келген тосын жағдайға дайын болыңыз!
Егер сіз уақытыңызды үнемдейтін нағыз шебер болсаңыз, бұл кеңесті оқысаңыз да болады. Әйтсе де, қаперіңізде болсын. Сіз балалы-шағалы болсаңыз, таңғы ас дайындауға, балаларыңызды тамақтандырып, киіндіруге көп уақытыңызды жұмсауыңыз әбден мүмкін. Бұл жерде ең бастысы – кез-келген жағдайға дайын болу. Мәселен, жаңбыр жауып, жел көтеріліп, күн бұзылса, сізде бәрібір «В» жоспары бар.
4. Үй жұмысын қайталауды демалысқа есептемеңіз!
Әйелдер қауымы үшін тамақ әзірлейтін, кір жуатын, үй тазалайтын аптаның екі күні де «демалыс уақыты» деп аталуы мүмкін. Бірақ, олай емес. Сонда сіздің жақындарыңызға (туған-туыстарға, балаларға, достарға) арнайтын алтын уақытыңыз қайда қалды?! Бұл демалыс күндері үй шаруасына көңіл аударма деген сөз емес. Тек нағыз демалыс уақытын толықтай тағы да үй тірліктеріне арнап, шаршап қалмаңыз.
5. Отбасылық дәстүрді қалыптастырыңыз!
Отбасының бірлігінен асқан қандай бақыт бар?! Апта бойы асыға күтіп, кейін ыстық естелікпен еске алу қандай тамаша! Ол үшін алдымен отбасылық дәстүрді қалыптастырыңыз. Ең бастысы, сол дәстүр отбасыңыз үшін, балаларыңыз үшін ыңғайлы әрі қызықты болуын ескеріңіз.
6. Ол күні ғаламтордан алыстай тұрыңыз!
Оффлайнда болыңыз. Демалғыңыз келсе, телефоныңызды сөндіріп, әлеуметтік желілерден біраз алыстай түсіңіз. Демалыс күндері ғаламтордан, әлеуметтік желілерден бас тарта тұрыңыз. Яғни, бұл күні қалта телефоныңызға көп көңіл бөлмеңіз.
7. Ұйқымен емес, спортпен дос болыңыз!
Кей адамдар демалысты түске дейін ұйықтау деп ұғынады. Ұйқыңыздан оянып, ойыңызды өзгертіңіз. Таңғы таза ауамен серуендеп, спортқа ден қойыңыз. Таңғы жаттығулар жасап, таза ауадан өз керегіңізді алыңыз.
8. Пайдалы істерді жоспарлай біліңіз!
Сіздің әрбір жасаған ісіңіз өзіңізге жақсы әсерін беруі керек. Мүмкін, сіз көптен бері аулаға ағаш отырғызуды ойлап жүрген боларсыз, үйіңізге жаңа жиһаз сатып алуды көздеген боларсыз. Қандай іс жасасаңыз да соңында өзіңіз демалатындай әсер ала біліңіз.
9. Балаларыңызға демалыс ұйымдастырыңыз!
Балаларға уақыт бөлу де ең жақсы демалыс. Бұл бөлінген уақыт балаға кейінгі өмірінде көп пайдасын тигізеді. Балаңыз сізге қаншалықты жақын болса, нашар әдеттерден де соншалықты алыс болады.
10. Адамдарға жақсылық жасай біліңіз!
Демалыс күндері досыңызға, жақыныңызға тіпті балаларыңызға уақытыңызды арнай біліңіз. Ең болмағанда жарты сағат болса да уақыт табыңыз. Қолыңыздан келгенше қамқорлық танытып, түсіністік танытыңыз. Ең жақын адамыңызды қуантып, жақсылық жасау алдымен өзіңізге жақсы.

№43 "Қызғалдақ" балабақшасы

Телжан Шонанұлы көшесі, 47

Прокрутить вверх